Дәрігерлердің жалақысына тағы да үстемеақы қосылатын болды

0
516

Емханаларда инфекциялық сырқаттар бойынша жұмыс істейтін дәрігерлерге келтірілген зиян үшін үстемеақы беру қарастырылған.


Дәрігерлердің жалақысына тағы да үстемеақы қосылатын болды

ERNUR.KZ. Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният нақты қай санаттағы дәрігерлердің айлығына үстемеақы қосылатынын айтты, деп жазады aikyn.kz.


«КВИ бойынша симптомсыз пациенттермен жұмыс істейтін дәрігерлерге үстемеақы қарастырылмаған. Себебі олардың пациенттері ауруды аса таратпайды деп есептеледі. Сонымен бірге емдеу хаттамасына сәйкес оларды үйлеріне барып емдеудің еш қажеттігі жоқ. Яғни олар пациенттермен телефон арқылы ғана сөйлесе береді», – деді Ажар Ғиният.

Оның айтуынша, емханаларда инфекциялық сырқаттар бойынша жұмыс істейтін дәрігерлерге келтірілген зиян үшін үстемеақы беру қарастырылған.

«Емханалардың көбі провизорлық стационарлар ретінде жасақталды. Дәрігерлер вирус ошақтарына барады, үйлерді аралайды. Бұл мәселені қазір Денсаулық сақтау министрлігі қарап жатыр. Үстемеақы болады», – деді Ажар Ғиният.