Дариға Назарбаева президент сайлауына өз кандидатурасын ұсынбайды

0
1 203

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев кезектен тыс президент сайлауы 9 маусымда өтетінін мәлімдеді.


Дариға Назарбаева президент сайлауына өз кандидатурасын ұсынбайды

ERNUR.KZ. 2019 жылы 9 маусымда өтетін кезектен тыс президент сайлауында Сенат спикері Дариға Назарбаева өз кандидатурасын ұсынуды жоспарлап отырған жоқ. Бұл туралы Назарбаеваның көмекшісі Сәуле Мұстафаева мәлімдеді, деп жазады тengrinews.kz.

"Жоқ, Дариға Назарбаева өз кандидатурасын ұсынбайды", - деді Мұстафаева телефон арқылы.

Бүгін, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев кезектен тыс президент сайлауы 9 маусымда өтетінін мәлімдеді.