Дариға Назарбаева Сенат спикері ретінде алғашқы жалпы отырысын өткізді

0
1 017

Сенаторлар «Қазақстан мен Вьетнам арасындағы қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы шартты ратификациялау туралы» заң жобасын, «Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы» заң жобасын талқылайтын болады.


Дариға Назарбаева Сенат спикері ретінде алғашқы жалпы отырысын өткізді

ERNUR.KZ. Бүгін Дариға Назарбаева Парламент Сенатының спикері ретінде алғашқы жалпы отырысты өткізіп жатыр, деп жазады ҚазАқпарат.

Бүгінгі отырыс барысында Дархан Сатыбалдының депутаттық өкілеттігін тоқтату, депутат Қайрат Қожамжаровты Сенаттың тұрақты комитетінің құрамына сайлау, сондай-ақ Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік тұрақты комитетінің төрағасы қызметіне Мұхтар Құл-Мұхаммедті сайлау мәселелері қаралды.

Бұдан бөлек сенаторлар «Қазақстан мен Вьетнам арасындағы қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы шартты ратификациялау туралы» заң жобасын, «Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы» заң жобасын талқылайтын болады.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Дариға Назарбаева Парламент Сенаты Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік тұрақты комитетінің төрағасы қызметін атқарған еді. Биылғы 20 наурыз күні Дариға Назарбаева ҚР Парламенті Сенатының спикері болып сайланды.