Дәріханадан дәрі іздеп, даурығудың қажеті жоқ – Алматының бас дәрігері

0
845

Дәрілерді дұрыс қолданбаса, оның қарсы көрсеткіштері барын ұмытпау керек.


Дәріханадан дәрі іздеп, даурығудың қажеті жоқ – Алматының бас дәрігері

ERNUR.KZ. Алматының бас дәрігері Камалжан Надыров қалалықтарды өзін-өзі емдемеуге және дәріханаға бармауға шақырды, деп жазады ҚазАқпарат.


«Қазір біз әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізіп отырмыз. Онда дәріханаларда дәрі тапшылығы туралы көп жазылып жатыр. Әсіресе, вирусқа қарсы препараттар жоқ дейді. Мен сіздерді мұндай жалған ақпараттарға сенбеуге шақырамын. Профилактика үшін дәрі ішуге болмайды. Ол аурудың алдын алмайтынын ескерткім келеді»,– деді Камалжан Надыров.


Сонымен қатар, ол емді дәрігердің кеңесімен жүргізу керектігін баса айтты. Әйтпесе, одан нәтиже шықпайды немесе өміріңізге қауіп төнеді.


«Сондықтан мен алматылықтарды бекер даурығып, дәрі сатып алу үшін дәріханаға жүгірмеуге шақырамын. Дәрілерді дұрыс қолданбаса, оның қарсы көрсеткіштері барын ұмытпау керек. Сондықтан өте мұқият болған абзал», - деді ол.