Дәурен Абаев жаңа қызметке тағайындалды

0
740

Дәурен Абаев ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі қызметінен босатылды.


Дәурен Абаев жаңа қызметке тағайындалды

Дәурен Абаев ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақорда сайтына сілтеме жасап.

«Дәурен Әскербекұлы Абаев Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалсын», - делінген ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығында.

Сондай-ақ Мемлекет басшысының Жарлығымен Дәурен Абаев басқа жұмысқа ауысуына байланысты ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі қызметінен босатылды.

Дәурен Әскербекұлы Абаев 1979 жылы Алматы облысында туған. 2001 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін үздік бітірген. 2014 жылы Еуразия гуманитарлық институтын тәмамдаған.