“Даусы жоқ дарынсыз” деп сынағандарға Әли Оқапов жауап берді

0
2 168

ERNUR.KZ Өз даусын ұнатпайтынын ашық айтқан Әли Оқапов «Әндерімді өзім де тыңдамаймын» деді Гәкку FM радиосының “Если честно” бағдарламасында берген сұқбатында.


“Даусы жоқ дарынсыз” деп сынағандарға Әли Оқапов жауап берді

фото: Әли Оқаповтың Инстаграмдағы парақшасынан

ERNUR.KZ Өз даусын ұнатпайтынын ашық айтқан Әли Оқапов «Әндерімді өзім де тыңдамаймын» деді Гәкку FM радиосының “Если честно” бағдарламасында берген сұқбатында.

Менің даусыма ешқашан ешкім қызығып қараған емес! Сондай-ақ, ол мықты вокалистермен дуэт айтуға өзін лайықсыз санайтынын мойындады, деп жазады Stan.kz .

Әли өз әндеріне сын көзбен қарайтынын, тіпті жарыққа шыққан соң оларды өзі тыңдамайтынын атап өтті. Алайда кәсіби маман тіршілігін жалғастыру үшін жұмысын тоқтатпайтынын мәлімдеді.

«Әнді өте кеш яғни 16 жасымда бастадым. Енді өнер жолында жүріп, бұл салаға ерте келген жөн екен деп ойлаймын. Маған қатысты “дауысы жоқ” деген пікір жиі айтылатын. Бұл қарапайым көрерменнің де, тіпті музыкадан ешқандай хабары жоқ адамдардың да, кәсіби маманның да тарапынан айтылды. Ең басында барлығы осыны ашық айтатын. Әрине ол пікірдің маған кері әсер еткені соншалық, менде комплекс пайда болды», – дейді Әли ағынан жарылып.

Роза Рымбаеваның ұлына Ділназ Ахмадиева мен Мақпал Исабековалар дуэт айтуға талай рет ұсыныс жасаған. Бірақ ол әлі күнге дейін оларға бір жауабын беруден жалтарып келеді. Себебі өзін олармен дуэт айтуға лайық емеспін дейтін көрінеді.

«Олар ән айту үшін жаралған адамдар. Ал мені бұл әлемге тағдырдың өзі алып келді”, – дейді Оқапов».