ДДСҰ неліктен әлі күнге дейін QazVac вакцинасын тіркемей отыр

0
409

Бұл сұраққа ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов жауап берді.


ДДСҰ неліктен әлі күнге дейін QazVac вакцинасын тіркемей отыр

ERNUR.KZ. ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов «Егемен Қазақстан» газетіне берген сұхбатында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының неліктен QazVac вакцинасын әлі күнге дейін тіркемей отырғанын түсіндірді, деп жазады Azattyq Rýhy.

«ДДСҰ QazVac вакцинасын тіркеуі үшін Қазақстан ұлттық реттеушіні үшін­ші деңгейге дейін жеткізуі қажет. Бас­қа­ша айтқанда, республиканың сани­тар­лық-эпидемиологиялық қыз­меті­нің ма­териалдық-техникалық базасы халық­аралық стандарттарға сәйкес бо­луы тиіс», - деп атап өтті Ералы Тоғжанов.

Оның айтуынша, осының барлығын ретке кел­тіру үшін 3 жылдан 5 жылға дейін уа­қыт кете­ді деген сарапшылар пікіріне қара­мас­тан, былтыр іс жүзінде 7 ай­дың ішін­де Қазақстан ұлттық рет­теушінің екін­ші деңгейіне шықты.

«Бұл фактіні біз­дің еліміздің халықаралық талаптарға сәйкес­тігін тексерген ДДҰ арнайы комиссиясы растады. Биыл жыл соңына қарай үшінші деңгейге шыға аламыз деп ойлаймын», - деді Е. Тоғжанов.

Айта кетсек, отандық мамандар әлемде қолданылатын 14 вакцина­ның бірі ретінде QazVac препаратын шығарды. Қазақстан – өзінің вакцинасын әзір­леген әлемдегі бесінші ел. Б.гінде препараттың айы­на 500 мың дозасы өндіріледі, оның тиімділігі – шамамен 86%, әлемдегі ең жоғары көрсеткіштердің бірі.