Декретте отырған аналар 42 500 алады ма?

0
764

ТЖ кезінде декреттегі әйелдерге 42 500 теңге берілген болатын..


Декретте отырған аналар 42 500 алады ма?

ERNUR.KZ. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов 42 500 теңге көлеміндегі әлеуметтік төлемді декретте отырған әйелдер алатынын не алмайтынын түсіндірді, - деп жазады tengrinews.kz.

Біржан Нұрымбетов әлеуметтік төлем үшін "декреттегі әйел" категориясы жоғын айтты.

"Төлем табысынан айырылғандарға, яғни, жалдамалы қызметкерлер, жеке кәсіпкерлер мен өзін өзі жұмыспен қамтыған азаматтарға беріледі. Сондықтан бұл жағдайда белгілі бір сұрақ бар, біз ол бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Алдыңғы жолы төлемнің заңдылығына байланысты сұрақтар болды. Бұл жағдайда аталған категориядағы адамдарды ескереміз, бейсенбі ол қандай механизм бойынша жұмыс істейтінін хабарлаймыз", - деді Нұрымжанов ОҚК брифингінде.

Айта кетейік, ТЖ кезінде декреттегі әйелдерге 42 500 теңге берілген.