Демалыс күндері ауа райы қандай болады - синоптиктер болжамы

0
785

Еліміздің біраз өңірінде тұрақсыз ауа райы сақталады.


Демалыс күндері ауа райы қандай болады - синоптиктер болжамы

Синоптиктер 11-13 шілде күндері ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды ERNUR.KZ "Қазгидромет" орталығынан сілтеме жасап.


Синоптиктердің мәліметінше, еліміздің біраз өңірінде тұрақсыз ауа райы болжанады.

"Кезеңнің басында республикада циклон жырасының солтүстіктен және оңтүстіктен шығуына байланысты тұрақсыз ауа райы күтіледі. Кей жерлерде найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Содан кейін антициклон сілемінің жылжуымен жауын-шашын тоқтатылып, ауа температурасының жоғарылауы күтіледі. Тек республиканың шығысында жаңбыр жауып, кей жерлерде қатты, дауыл, екпінді жел, бұршақ түсуі мүмкін. Қазақстанның батысында қатты ыстық сақталады", - деді синоптиктер.