Демалыс күндері бірқатар өңірлерде айтарлықтай күн суытады

0
873

Оңтүстік және оңтүстік-шығыста жауын-шашынсыз болғанымен, ауа температурасы төмендейді.


Демалыс күндері бірқатар өңірлерде айтарлықтай күн суытады

ERNUR.KZ. «Қазгидромет» РМК 16-18 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп жазады Елорда Инфо.

Арктикалық антициклондарды атлантикалық батыс циклондар жылдам ығыстыруда. Республиканың солтүстік, орталық және шығыс облыстарында ауа температурасының айтарлықтай төмендеуі жексенбі күні кезекті жылумен алмасады.

Егер алдағы түнде бұл аймақтарда түнгі ауа температурасы минус 17…25°С сақталса, ал жексенбіде түнде солтүстікте және орталықта, дүйсенбіде шығыста минус 5…13°С жоғарылайды. Атлантикалық циклонымен ауа температурасының жоғарылауы ғана емес, қар, сондай-ақ, жолдарда, көріну қашықтығын нашарлататын боран және екпінді батыс желі күтіледі.

Оңтүстік және оңтүстік-шығыста жауын-шашынсыз болғанымен, ауа температурасы төмендейді. Батыста жауын-шашынсыз және температураның жоғарылауы күтіледі.