Демалыс күндері «Red Bus» екі қабатты экскурсиялық автобусы тегін қызмет көрсетеді

0
1 403

Экскурсия «AiLand» (океанариум) көңіл-көтеру орталығынан және «Астана-Бәйтерек» монументінен басталады.


Демалыс күндері «Red Bus» екі қабатты экскурсиялық автобусы тегін қызмет көрсетеді

ERNUR.KZ. Қала күнін мерекелеуге орай 29 және 30 маусым күндерi қала тұрғындары мен қонақтары «Red Bus» екі қабатты экскурсиялық автобустарында қаланың көрікті тұстарының қасынан бірнеше рет мініп, түсуге мүмкіндік беретін тегін экскурсияға қатыса алады, деп жазады Елорда Инфо.

Экскурсия «AiLand» (океанариум) көңіл-көтеру орталығынан және «Астана-Бәйтерек» монументінен басталады. Экскурсия автобус ішіндегі дыбыс күшейткіштер арқылы қазақ және орыс тілдеріндегі аудиогидтер көмегімен жүзеге асырылады (бір рейс - қазақ тілінде, екінші рейс - орыс тілінде, ауысу арқылы). Экскурсияны белгілі бір тілде ғана тыңдағысы келетіндер өздерімен бірге құлаққап алып келуі керек. Мерекелік тегін серуен кезінде құлаққаптар берілмейді.