​Демалыс күндеріне арналған ауа райы

0
1 749

Синоптиктер 20-22 қазан күндеріне арналған ауа райы болжамын жария етті


​Демалыс күндеріне арналған ауа райы

ERNUR.KZ. Синоптиктер 20-22 қазан күндеріне арналған ауа райы болжамын жария етті, деп жазады Tengrinews.kz.Синоптиктердің мәліметінше, демалыста күн бұлтты болып, жауын-шашын жауады."Демалыс күндері республиканың басым бөлігінде күн бұлтты болып, жауын-шашын жауады. Ол Қазақстан арқылы өтетін суық атмосфералық фронттармен байланысты. Оңтүстік және оңтүстік-шығыста жоғары атмосфералық қысым аясында ауа райы жауын-шашынсыз болады деп болжанады, дегенмен оңтүстік-шығыста алдағы түнде кей жерлерде қар жаууы мүмкін және ауа температурасы осы кезеңге қалыпты температураға дейін, яғни күндіз ауа температурасы плюс 13…20 градусқа дейін жылынады", - дейді "Қазгидромет" өкілдері.