​"Denis Ten Memorial Challenge": Елордада өтіп жатқан турнирге 100-ден аса спортшы қатысып жатыр

0
791

Қазақстандық танымал спортшы Денис Тенді еске алуға арналған халықаралық турнир қазан айының 28-31 аралығында өтеді.


​

ERNUR.KZ. Нұр-Сұлтан қаласындағы "Барыс Арена" спорт кешенінде мәнерлеп сырғанаудан "Denis Ten Memorial Challenge" (ISU) халықаралық турнирі өтіп жатыр, деп жазады inbusiness.kz

Мәнерлеп сырғанаушылар арасындағы қазақстандық танымал спортшы Денис Тенді еске алуға арналған халықаралық турнир қазан айының 28-31 аралығында өтеді.

Биыл екінші рет өтіп жатқан халықаралық доданы Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі, Мәдениет және спорт министрлігі, сондай-ақ Ұлттық Олимпиада комитетінің қолдауымен "Денис Тен қоғамдық қоры" ұйымдастыруда.

Жарыс жасөспірімдер мен ересектер, жекелей және жұптық сындар, сондай-ақ мұз үстіндегі би бағдарламалары бойынша өтеді. Турнирге 20 елден 100-ден аса спортшы қатысуда. Олардың ішінде 2021 жылы өткен әлем чемпионатының жүлдегерлері мен 2022 жылы Пекинде өтетін қысқы Олимпиада ойындары жүлдесіне үміткерлер де бар.