​Денис Тен өлімі: Санжар Мәдиев оқиға куәгерлеріне өтініш жолдады (видео)

0
2 921

актер Санжар Мәдиев қазақстандықтарға видеоүндеу жолдады.


​Денис Тен өлімі: Санжар Мәдиев оқиға куәгерлеріне өтініш жолдады (видео)

фото:gakku.kz

ERNUR.KZ.Ұрлықшылардың қолынан қайтыс болған мұз айдынының мұзбалағы Денис Теннің жақын досы, актер Санжар Мәдиев қазақстандықтарға видеоүндеу жолдады. Ол видеода оқиғаны көрген немесе естігендерді іздеп жатқанын жеткізеді.


«19 шілде күні сағат 14:00 мен 16:00 аралығында Фурмонов-Құрманғазы және Абылайхан көшелерінің аумағында орын алған оқиғаны көргендер немесе естігендер болса өтініш хабар беріңіздер. Авторегистраторы бар барлық көлік иелерінен, олардың достарынан оқиғаға байланысты қандай да бір ақпарат болса, төменде жазылған мекенжайға жіберулеріңізді сұранамыз.

Егер оқиғаға куә болып, айтуға қорқып жүрсеңіздер, сіздерге жеке өзім кепілдік беремін. Бұл мәліметтер құпия сақталады. Сіздердің берген ақпарларыңызды тек қана мен білемін. Телефон өзімдікі.

Ал БАҚ өкілдеріне және басқаларға да өтініш оқиға жайлы сұрақ қойып, мазаламасаңыздар. Тек қана оқиға куәгерлері хабарласса екен. Рахмет» - дейді актер үндеуінде.

видео: (актердің инста парақшасынан алынды)