​Денис Теннің анасы халыққа үндеу жасады

0
1 198

Біздің қайғымызға және сұхбат беруге дайын емес екенімізге түсіністікпен қарауды сұраймыз.


​Денис Теннің анасы халыққа үндеу жасады

ERNUR.KZ.Денис Теннің анасы Оксана Тен қоғамға үндеу жасады, деп жазады Тengrinews.kz.

"Денис Теннің туыстары атынан бүкіл Қазақстан халқына және халықаралық қоғамдастыққа біздің қайғымызды бөлісіп, осы бір ауыр кезеңде отбасымызды қолдағандары үшін алғыс айтамыз. Ерекше алғысты Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа айтқымыз келеді. Президент әрдайым Дениске көмектесіп, қолдады. Сонымен қатар, мемлекеттік органдарға және әкімдікке қолдаулары үшін рақмет. Қайғылы жағдай болғалы бері қазақстандық және халықаралық БАҚ өкілдері бірнеше рет хабарласты. Денистің қазасы әлі күнге ұғынықсыз болып отыр және қазір журналистердің сұрақтарына жауап беру үшін күш-қайрат табу бізге өте қиын. Біздің қайғымызға және сұхбат беруге дайын емес екенімізге түсіністікпен қарауды сұраймыз. Ұлымыздың атын және ол туралы жақсы естеліктерді сақтап қалайықшы!", - деді Оксана Тен.

Еске сала кетейік, 19 шілдеде Алматыда белгісіз біреулер Денис Тенді пышақтап кеткен болатын.

Оқиға шамамен 15.00-де Құрманғазы мен Байсейітова көшелерінің қиылысында болған. Кейін қалалық ІІД өкілдері Денис Тенге автоұрылар шабуыл жасағанын мәлімдеді. Сөйтсек, спортшы ұрылардың үстінен түскен болып шықты. Жанжал кезінде спортшының аяғына пышақ тиіп, көп қан жоғалтқан. Ол ауруханада көз жұмды.