Денис Теннің қылмыскер қолынан қаза тапқанына бір жыл болды

0
1 023

2019 жылдың 22 маусымда Денис Тен пышақталған жерде, яғни Құрманғазы-Байсейітова көшесінде спортшының құрметіне ескерткіш орнатылды.


Денис Теннің қылмыскер қолынан қаза тапқанына бір жыл болды

19 шілде күні еліміздің мәнерлеп сырғанаудан тұңғыш Олимпиада чемпионы Денис Теннің қаза тапқанына 1 жыл болды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Өмірбаяны: Денис Юрьевич Тен - 1993 жылы 13 маусымда Алматы қаласында дүниеге келген. Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы. Денис тен - 2014 жылы мәнерлеп сырғанаудан Сочи олимпиадасының қола жүлдегері, 2013 жылғы әлем чемпионатының күміс медаль жүлдегері, VІІ қысқы Азия ойындарында мәнерлеп сырғанаудан чемпион, Қазақстанның үш дүркін чемпионы. Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері.

2014 жылы мәнерлеп сырғанаудан Сочи олимпиадасының қола жүлдегері,255,10 ұпаймен қола медальға ие болды Ол мәнерлеп сырғанаудан 2013 жылғы әлем чемпионатының күміс медаль жүлдегері, VІІ қысқы Азия ойындарында мәнерлеп сырғанаудан чемпион, Қазақстанның үш дүркін чемпионы. Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері.

2018 жылғы 19 шілдеде күндізгі сағат 15:00 шамасында Алматыдағы Құрманғазы мен Байсейітова көшелерінің қиылысында белгісіз біреулер Денис Тенді пышақтап кеткен болатын. Олар спортшының көлігінің айнасын ұрламақ болған сәтте, үстерінен түскен Дениске пышақ салған. Жарақат салдарынан Денис Тен Алматыдағы ауруханада қайтыс болды.

Кейіннен күдіктілер ұсталып, 2019 жылдың 17 қаңтарда Алматының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Денис Тенді өлтіргендерге қатысты сот үкімі шықты. Сот үкімімен Құдайбергенов -18 жылға, Қиясов - 18 жылға және Жанар Толыбаева төрт жыл бас бостандығынан айырылды.

2019 жылдың 22 маусымда Денис Тен пышақталған жерде, яғни Құрманғазы-Байсейітова көшесінде спортшының құрметіне ескерткіш орнатылды.