​Денис Теннің өлімі: Алматылық бойжеткен 2 айға қамауға алынды

0
1 137

Ұсталған адамға қатысты 2 айға қамау туралы бұлтартпау шарасы қолданылды.


​Денис Теннің өлімі: Алматылық бойжеткен 2 айға қамауға алынды

ERNUR.KZ.Денис Теннің өліміне қатысты үшінші адам - Жанар Толыбаева 2 айға қамауға алынды, деп жазады ҚазАқпарат.

Бұған дейін ҚР Бас прокуратурасы спортшы Денис Теннің өліміне қатысты үшінші адамның ұсталғаны туралы хабарлаған болатын.

Алматы қалалық сотының баспасөз қызметінің мәліметінше, ұсталған адамға қатысты 2 айға қамау туралы бұлтартпау шарасы қолданылды.

«Алмалы аудандық сотына Жанар Толыбаеваны бұлтартпау шарасы ретінде санкция жасау туралы өтініш түсті. Әйел адам ҚР ҚК 434-бабы, 188-бабының 2-бөлімімен 2 айға қамауға алынды», - деді қалалық сотта.

Айта кету керек, ҚР ҚК 434-бабы бойынша, болған немесе жоспарланған қылмыс туралы ақпаратты уақтылы хабарламағані үшін күдікті 14 млн 400 мың теңге айыппұл төлеуі немесе 6 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Сонымен қатар, бас бостандығын 6 жылға дейін шектеу немесе бас бостандығынан айрылуы мүмкін. ҚР ҚК 188-бабы ұрлық жасағандарға қолданылады. Бұл бап бойынша күдіктіге 2 млн 405 мың айыппұл салынуы немесе 3 жылға дейін бас бостандығы шектелуі мүмкін.