​Денис Теннің сценарийі бойынша түсірілген фильм 2019 жылы шығады

0
1 054

Денис Тен атындағы қор картинаға продюсерлік етеді.


​Денис Теннің сценарийі бойынша түсірілген фильм 2019 жылы шығады

ERNUR.KZ. Денис Теннің сценарийі бойынша түсірілген фильм 2019 жылы экранға шығады. Бұл туралы белгілі режиссер Тимур Бекмамбетов айтты, деп жазады Baq.kz.

Денис Тен Тимур Бекмамбетовтің кинокомпаниясы Bazelevs Production ұйымдастырған сценарий конкурсына қатысқан болатын. Мәнерлеп сырғанаушы жартылай финалистер қатарынан көріп, өзі жазған сценарийді Тимур Бекмамбетовтің алдына барып таныстырған еді. Денис Теннің қайғылы қазасынан кейін режиссер даңқты спортшының жарқын бейнесі үшін оның сценарийі бойынша фильм түсіретінін хабарлаған болатын.

«Қазақстанға барып, Денистің анасымен кездесуді жоспарлап отырмын. Бізге демеушілер қолдау білдіріп, қажетті қаржыны бөліп отыр. Бұл фильм міндетті түрде түсіріледі және уәде бергеніміздей келер жылы үлкен экранға жол тартады. Денистің арманы орындалады», - деді Тимур Бекмамбетов.

Денис Тен атындағы қор картинаға продюсерлік етеді.

Еске сала кетсек, 2018 жылдың 19 шілдесінде қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы, Сочи Олимпиадасының қола жүлдегері автокөлік ұрыларының қолынан қаза тапқан болатын. Қылмыскерлердің бірі Денистің аяғын пышақтап, спортшы көп қан жоғалтып үш сағаттан кейін операция үстелінде көз жұмды. Адам өліміне күдікті ретінде Нұралы Қиясов пен Арман Құдайбергенов ұсталды. Сондай-ақ қылмысты хабарламады деген күдікпен Жанар Толыбаева ұсталды.