Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов коронавирус жұқтырды

0
743

Министрде коронавирустың симптомсыз форма емес, сондықтан жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылған.


Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов коронавирус жұқтырды

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов коронавирус инфекциясын жұқтырды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


"Достар, өздеріңізге жағымсыз жаңалық жеткізуіме тура келіп отыр. Коронавируске тапсырған соңғы тесттің нәтижесі нашар шықты, менен де ауру анықталды. Өкінішке қарай, мендегі симптомсыз форма емес, сондықтан жұқпалы аурулар ауруханасында жатырмын", - деп жазды министр әлеуметтік желідегі парақшасында.

Министрдің айтуынша, санитарлық шараларды қатаң сақтағанына қарамастан індетке шалдыққан.

"Әсіресе, қашықтан, үйде отырып жұмыс істей алмайтын қызметкерлерге қиын. Соңғы күндері бірқатар өңірде, оның ішінде кәсіпкер, кәсіпорын, медицина мамандары, мемлекеттік, БАҚ қызметкерлері арасынан індет жұқтырғандар қатары артуда. Қазақстандағы жаһандық дағдарыс пен пандемия салдарынан пайда болған проблемаларды шешу үшін қазір көптеген азамат қарқынды жұмыс істеуде. Бізге жиі жеке кездесулерге баруға, аймақтарға іссапарға шығуға тура келеді, мұндай жағдайда, әрине, COVID-19 жұқтыру қаупі де жоғары", - деді Біртанов