Денсаулық сақтау министрлігі оқушыларды есірткіге қатысты психологиялық тестілеуден өткізуді ұсынды

0
405

Министр Ажар Ғиният Президент жанындағы Жастар кеңесінің жиналысына қатысып, синтетикалық есірткімен күрес мәселесін талқылады.


Денсаулық сақтау министрлігі оқушыларды есірткіге қатысты психологиялық тестілеуден өткізуді ұсынды

ERNUR.KZ. Денсаулық сақтау министрлігінде оқушылардың есірткіге тәуелділігін ерте кезеңде анықтау үшін психологиялық тест өткізу ұсынылды, деп жазады Stan.kz.

Министр Ажар Ғиният Президент жанындағы Жастар кеңесінің жиналысына қатысып, синтетикалық есірткімен күрес мәселесін талқылады. Кездесу барысында министр елде есірткіге тәуелді адамдар санының артқаны байқалатынын айтты.

Мәселен, соңғы бес жылда бұл контингент балалар мен ересектер арасында 14 есе өскен (2017 жылы 40 пациенттен 2022 жылғы 1 шілдеде 587 пациентке дейін).

"2024 жылы "Дені сау ұлт" әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау" ұлттық жобасының аясында алкоголь және есірткі бойынша еуропалық мектептегі зерттеу жобасының әдіснамасына сүйеніп, жастардың психикалық белсенді заттарды тұтынуы жөнінде тағы бір зерттеуді жүргізу жоспарлануда", – деп мәлімдеді министр.

Ведомство басшысы білім беру жүйесіне оқушылардың арасында есірткі құралдары мен психотроптық заттарды тұтынуды ерте анықтауға бағытталған психологиялық тестілеу енгізу мәселесін қарастыруды ұсынды.

Сонымен қатар нашақорлықпен күрестің алдын алу шараларының тиімділігін және емдеу шараларының нәтижелілігін арттыру үшін бұл іске түрлі қызметтерді (білім беру, әлеуметтік қызмет, құқық қорғау органдары т.б.), мемлекеттік органдар мен қоғамды араластыру керегін атап өтті.