​Депутат елімізде туризм жылын жариялауды ұсынды

0
1 223

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Дархан Мыңбай бір жылды Қазақстандағы туризм жылы деп атауды ұсынды.


​Депутат елімізде туризм жылын жариялауды ұсынды

ERNUR.KZ. ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Дархан Мыңбай бір жылды Қазақстандағы туризм жылы деп атауды ұсынды. Бұл туралы ол туристік қызметті дамыту тақырыбында өктен үкімет сағатында мәлімдеді, деп жазады Baq.kz.

Оның айтуныша, 2001 жылы қабылданған Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы заңның әлі де көп бабы жұмыс істемеді.

«Тіпті керек десеңіз туристік ұғымдар, туризмнің түрлері, соның ішінде діни зиарат, ас-ауқат туризмі, жасөспірімдер, іскерлік, оқиғали туризм, өзіңіз айтып өткен экотуризм де өзекті. Соның бәрі жұмыс істеуі үшін тығыз байланыс жасау қажет. Мұны Kazakh Tourism орындап жатса, облыстарда да сондай орталықтар болуы қажет», - деді мәжілісмен.

Ол туризм саласын дамытудағы Әзербайжан практикасын мысалға алды.

«Ойластыра келе, туризмді дамыту үшін көптеген ұсыныстар айтылып жатыр. Әзербайжанда, білесіздер, жақсы дамыған. Өйткені олар бір жылды туризм жылы деп арнайы атап өткен болатын. Бүкіл орталық атқарушы органдардан бастап, министрліктер, ведомстволар, жергілікті әкімдерге дейін туризмнің не екенін, қандай ұғым нені білдіретінін, соның ішінде туристік ваучер, туристік жолдама деген бар, сақтандыру мәселесі, сол туризмнің ұғымдарын білу үшін меніңше бір жылды «Қазақстандағы туризм жылы» деп арнасақ бір министрліктің ғана мойнына жүк емес, бүкіл қоғам болып көмектесер едік», - деп түйіндеді ол.