Депутат қазақстандықтарға шабуылдаушыларға оқ атуға рұқсат беруді ұсынды

0
361

Депутат Азат Перуашев мұндай ауыр кезеңде халық өзін өзі қорғай алу керек екенін айтты.


Депутат қазақстандықтарға шабуылдаушыларға оқ атуға рұқсат беруді ұсынды

Қазақстандық депутат Азат Перуашев қазақстандықтарға шабуыл жасаушыларды ату құқығын беруді ұсынды, деп жазады Stan.kz.

Депутат Азат Перуашев мұндай ауыр кезеңде халық өзін өзі қорғай алу керек екенін айтты.

"Осы сұрапыл кезеңде әскерде болған қаншама ер азаматтар қолдарына қару алып, көршілерін, отбасын қорғауға дайын екендіктерін білдіреді. Үйіңе, отбасыңа шабуыл жасағандарды қорғап, ату құқығын заңмен бекіту керек. Еліміздің бүгінгі таңдағы тәжірибесімен өзін-өзі қорғаудың шегін кеңейту қажет", – дейді ол.

Ол бұл мәселені заңдастыру қажет екенін айтты.

"Жергілікті өзін-өзі қорғау бөлімшелерін, оның ішінде лаңкестік әрекеттер кезінде өзін-өзі қорғау шегін кеңейтуді заңдастыру қажет. Бұл өзін-өзі қорғау жасақтары мемлекеттік қолдауды, соның ішінде оқу-жаттығудан өтуі керек. Маған мәслихат депутаттары, ауған ардагерлері, запастағы офицерлер телефон соқты. Олар: "Бізге қару беріңіз! Ауруханаларға, бейбіт тұрғындарға шабуылдар жасалуда, қарсы тұруға дайынбыз деп айтты. Шымкент пен Алматының жүксалғыштан шығарып, бұзақыларға қару-жарақ таратып жатқанын бәріміз көрдік. Бұл тоқтамаса, біз азаматтардың өзін-өзі қорғау бөлімшелерін қаруландыруды ойластыруымыз керек", – дейді ол.