Депутаттар азық-түлік сатып алу үшін арнайы купондар шығаруды ұсынды

0
716

​Мәжіліс депутаттары "Барша қазақстандыққа арналған қолжетімді және сапалы тамақтандыру" ұлттық жобасын әзірлеуді ұсынды.


Депутаттар азық-түлік сатып алу үшін арнайы купондар шығаруды ұсынды

ERNUR.KZ. Мәжілістегі "Халық коммунистері" фракциясының депутаттары отандық азық-түлік өнімдерін сатып алу үшін арнайы купондар немесе төлем карталарын шығаруды ұсынды, деп sputniknews.kz.

Мәжіліс депутаттары "Барша қазақстандыққа арналған қолжетімді және сапалы тамақтандыру" ұлттық жобасын әзірлеуді ұсынды. Жобада отандық өнімдер үшін арнайы купондар шығаруды қарастыру қажет деп санайды "Халық коммунистері".

"Азаматтарға көмек ретінде отандық азық-түлікті сатып алуға арналған арнайы купондар немесе төлем карталарын шығару керек. Бұл бір мезгілде тамақ сапасын жақсартуға және қазақстандық өндірушілерді қолдауға мүмкіндік береді", - деді депутат Айқын Қоңыров.

Ол осы жылдың қаңтар-тамызында азық-түлік тауарлары, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда, 10,4%-ке қымбаттағанын атап өтті.

Әсіресе, халық рационының негізгі бөлігін құрайтын және Қазақстанда өндірілетін өнімдердің бағасы қатты көтерілген.

"Нан-тоқаш өнімдерінің бағасы 14%-ке, ұн – 22,9%-ке, жарма – 33%-ке, картоп – 26,6%-ке, жұмыртқа – 13,9%-ке, май – 15%-ке, ет және ет өнімдері 13,5%-ке өсті", - деді мәжілісмен.

Айтуынша, екінші тоқсанда халықтың азық-түлікке жұмсайтын шығындары рекордтық көрсеткішке – 56,4%-ке жеткен. Бұл қазақстандықтардың көп тамақ жей бастағанын емес, азық-түліктің қымбаттағанын білдіреді, деп түсіндірді Қоңыров.

"Халық коммунистері" фракциясы ұлттың, әсіресе өскелең ұрпақтың денсаулығына тамақтың сапасына әсер ететінін атап өтті. Бұл күзгі-қысқы маусымда және коронавирустың болжанып отырған екінші толқыны қарсаңында өте өзекті.