Депутаттар марқұм әріптесінің соңғы тілегін орындауға шешім қабылдады

0
523

Щегельскийдің ұсынысы қолдау таппады, алайда депутаттар оның соңғы тілегін орындау қажет деген шешімге келді.


Депутаттар марқұм әріптесінің соңғы тілегін орындауға шешім қабылдады

ERNUR.KZ. Марқұм Глеб Щегельский өзінің соңғы депутаттық сауалында Ақтөбе облысындағы бес ауылға республикалық бюджеттің есебінен газ тартуды ұсынған болатын, деп жазады sputnik.kz.

Сол кезде оның ұсынысы қолдау таппады, үкімет жобаны қаржыландырудан бас тартқан. Алайда депутаттар әріптесінің мезгілсіз қазасынан кейін осы мәселені қайта көтеруге шешім қабылдады. Себебі бұл оның соңғы тілегі болған. Енді, Ақтөбе облысында тағы бес ауылға газ тартылады.

Депутат Глеб Щегельский 17 қазан күні 51 жасында жүрек ұстамасынан кенеттен қайтыс болды.

Сенаттың бұрынғы спикері Дариға Назарбаева да депутаттың туған-туыстарына көңіл айтып, қайғысына ортақтасатынын жеткізді.

"Дәл қазір сіздерге қаншалықты ауыр екенін білемін. Оның ортамызда жоқ екенін де түсіну қиын. Осы сәтте сіздермен бірге қайғырып, орны толмас қазаға ортақтасып, көңіл айтамын. Ол адамгершілігі мол мейірімді адам, нағыз профессионал еді", - дейді Назарбаева.