Диетолог мерекеден кейін арықтаудың ең оңай жолын айтты

0
1 252

Айран, ет, көкөніс және жеміс-жидек... Диетологтар мерекеден кейін қалай тамақтану керек екенін айтты.


Диетолог мерекеден кейін арықтаудың ең оңай жолын айтты

ERNUR.KZ. Мереке күндері түрлі тағам дайындалады. Салдарынан адам орташа есеппен 4 келіге дейін артық салмақ жинайды. Ағзаны қалпына келтіру үшін мамандар арнайы диетаны ұстануға кеңес береді, деп жазады sputniknews.kz.

Мерекеден кейін дұрыс тамақтанудың құпиясымен алматылық белгілі диетолог-дәрігер Аудрюс Йозенас Sputnik Қазақстанға айтып берді.

"Әсіресе, жаңа жыл мерекесінен кейін адамдар артық салмақ жинайды. Сондықтан мен аптасына бір рет ағзаны қалпына келтіру күнін өткізуге кеңес беремін", - дейді маман.

Мұндай күндердің бірнеше түрі бар. Негізінен бір күнде тек бір өнім жеу қарастырылған. Мәселен, тек айран немесе тек қана алма жеуге болады. Көкөніс немесе тек қана ет диетасы да бар.

Дәрігер айран диетасының ең тиімді екенін алға тартады.

"Мұндай диетадан 1-2 келі артық салмақтан арыласыз. Күні бойы майлылығы 2,5%- 3,2% айран ғана ішу керек", — дейді маман.

Сондай-ақ, күніне 4-5 алма ғана жеуге болады. Су мен кофе ішуге рұқсат етілген. Ал көкөністі жақсы көретіндер бір күнде кез келген көкөністің 1,5 келісін жей алады.

Ал қазақтар ерекше ұнататын диета түрі - ет. Күні бойы кез келген пісірілген еттің 300-400 грамын жеу керек. Оған 1,5 литр қолдан жасалған жеміс шырынын қосуға кеңес беріледі.