"Дикий Арманды" қамау мерзімі тағы да ұзартылды

0
466

Бас Прокуратура «Дикий Арманның» қаруланған жақтастары 24 бейбіт тұрғынды ұрлап, күштеп ұстағанын растады.


ERNUR.KZ. Қылмыс әлемінің серкесі Арман Жұмагелдиевті қамау мерзімі төртінші рет ұзартылды, деп жазады Ulysmedia.kz.

Алматы қалалық сотының мәліметінше, «Дикий Арман» лақап атымен танылған күдіктіні қамау мерзімі 7 қазанға дейін созылмақ.

Айта кетелік, 6 маусым күні Арман Жұмагелдиевті ұстау мерзімі 7 тамызға дейін ұзартылған болатын.

«Дикий Арман» 7 қаңтарда үсталды. Ол заңсыз қару сақтап, қаңтардағы жаппай тәртіпсіздікке қатысты деген күдікке ілінген. Сондай-ақ, Жұмагелдиевтің қылмыстық тобындағы тағы бес адам қамауға алынды.

Бас Прокуратура «Дикий Арманның» қаруланған жақтастары 24 бейбіт тұрғынды ұрлап, күштеп ұстағанын растады.