Димаш Құдайберген жаңа бейнебаянының тизерін жариялады

0
1 468

Жаңа әннің бейнебаяны 23 желтоқсанда жарияланады.


Димаш Құдайберген жаңа бейнебаянының тизерін жариялады

Әнші Димаш Құдайберген Instagram-дағы өз парақшасында жаңа бейнебаянының тизерін жариялады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


«Dears (әнші өз жанкүйерлерін осылай атайды), 23 желтоқсанда менің ресми Youtube-арнамда жаңа бейнебаяным жарияланады. Өткізіп алмаңыздар», - деп жазды Димаш Құдайберген.


Жарияланған тизерде жақында Мәскеуде шырқалған «Мен сені сағындым» жаңа әнінің үзіндісі келтірілген.

Еске сала кетсек Димаш Құдайберген 9 айдан кейін сахнаға қайта оралған болатын. Нақтырақ айтқанда таяуда Ресей астанасы Мәскеудегі ВТБ аренада дәстүрлі «Жыл әні» концерті өтті. 5 желтоқсанда өткен кеште Димаш «Там, где живет любовь», «Your Love» және жаңа «Я скучаю по тебе» атты үш әнді орындап, жанкүйерлерінің көңілінен шықты.