​Димаш пен Данэлия The World's Вest шоуының ІІІ кезеңіне өтті

0
1 237

Данэлия Төлешова - 71, Дмаш Құдайберген - 39 бал иеленіп, сайыстың үшінші кезеңіне өтті.


​Димаш пен Данэлия The World's Вest шоуының ІІІ кезеңіне өтті

ERNUR.KZ. Қазылар алқасы қазақстандықтардың көрсеткен өнеріне жоғары баға берді, деп жазады BAQ.KZ.

Қазақстандық әншілер Димаш Құдайберген мен Данэлия Төлешова америкалық The World's Вest шоуының екінші раундында өнер көрсетті.

Данэлия Төлешова Stone Cold әнін орындады. Байқаудың бұл раундында ол жапондық скрипкашы қыз Манами Итомен сайысқа түсті. Қазылар алқасы берген бағаға сәйкес бұл кезеңде қазақстандық жеңіске жетті – 71-60.


Димаш Құдайберген де байқаудың үшінші раундына сенімді түрде өтті. Ол америкалық әнші әрі музыкант Эрик Карменнің All by Myself әнін айтты. Димаш 94 балл көрсеткішімен жеңіске жетті, ал оның қарсыласы 39 балды иеленді.


Айта кетейік, байқаудың бұл раундында Димаш Құдайбергенге италиялық әнші, Voice of Italy конкурсының жеңімпазы Кристина Скуччиа қарсылас болды.