Димашты Нью-Йорк әуежайында атақты америкалық спортшы қарсы алды

0
1 256

Америкалық футболдың танымал ойыншысы Русти Рассел Димаштың жүздеген жанкүйерімен бірге әншіні әуежайда қарсы алды


Димашты Нью-Йорк әуежайында атақты америкалық спортшы қарсы алды

ERNUR.KZ. Танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Нью-Йоркке барды. Димашты жанкүйерлері қарсы алды, олардың қатарында танымал спортшы да болды, деп жазады Sputnik Қазақстан.

Джон Кеннеди атындағы әуежайда қазақстандық орындаушының жүздеген жанкүйері жиналды. Олар әртісті қолдарына гүл, Қазақстан туы мен әншінің портретін ұстап қарсы алды.

Қарсы алушылар қатарында спортшы, америкалық футбол командасының танымал ойыншысы Русти Рассел де болды. Спортшы сүйікті әншісін көріп, онымен амандасу үшін әуежайға арнайы келді. Бұған қоса, Русти Рассел Димақша доп сыйлады.

Қазақстандық орындаушының көптеген жанкүйері Димашпен кездесіп, онымен естелік суретке түсу үшін әуежайға алыс жол жүріп келген екен. Әнші бірнеше сағат ұшып келгеніне, шаршағанына қарамастан әр жанкүйер үшін уақыт тапты.


Еске салсақ, 10 желтоқсанда қазақстандық әнші Нью-Йорктегі атақты Barclays Center аренасында Arnau tour ENVOY жаңа шоуымен өнер көрсетеді.

Ол бұған дейін концерт бағдарламасы тыңдармандарды қазақтың шығармашылығымен заманауи үлгіде таныстырады деген болатын.