Димаштың Еуропа қалаларындағы концерті басталды

0
739

7500 адамға арналған Баскет-холл залы лық толған.


Димаштың Еуропа қалаларындағы концерті басталды

ERNUR.KZ. Димаш Құдайбергеннің Ресейдің Краснодар қаласында «Арнау» бағдарламасымен концерті өтті, деп жазады ҚазАқпарат.

Көрермендердің арасында сүйікті әншісінің жанды дауысына құлақ құрышын қандыруға Ресейдің басқа аймақтарынан келгендер адамдар аз емес.

Фойеде қазақстандық әншінің талантын қадірлеушілер фан-аймақта суретке түсіп, оның фотосуреті бар плакаттарды сатып алып жатты.

Бұған дейін белгілі болғандай, Димаш 16 ақпанда Краснодарда (Ресей), 20 ақпанда Қазанда (Татарстан, Ресей), 23 ақпанда Екатеринбургта (Ресей), 7 наурызда Ригада (Латвия), 9 наурызда Мәскеуде (Ресей), 11 наурызда Киевте (Украина), 19 наурызда Гамбургте (Германия), 21 наурызда Дюсселдорфта (Германия), 23 наурызда Штутгардта (Германия), 25 наурызда Прагада (Чехия), 4 сәуірде Минскте (Беларусь) жеке концертін өткізбек.