"Дипломмен ауылға": 20 млрд теңге бюджет қаражаты қайда кетеді

0
991

Былтыр 15 млрд теңге бөлінген.


ERNUR.KZ. "Дипломмен ауылға" бағдарламасын қаржыландыру көлемі биыл өткен жылмен салыстырғанда 5 млрд теңгеге көбейіп, 20 млрд теңгеге жетті. Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов мәлім етті, деп жазады Azattyq Rýhy.


Былтыр бөлінген 15 млрд теңге Қазақстан бойынша 1200 ауылға барып жұмысқа орналасқан 4 мыңнан аса жас маманды қолдауға жұмсалған. Әрине, қайтарымсыз негізде емес. Жастарға несие 0,01%-бен берілген.

«Мемлекет үй алу үшін жастарға несие береді. Жас мамандардың баспанасына бөлінген қаражат жыл сайын көбейіп отыр. Несие 0,01%-бен 15 жылға беріледі», - деп түсіндірді Ұлттық экономика министрі.

Ал, биыл 5 мың жас маман ауылға барып, жұмыс істемек. Оларға да баспана алу үшін берілетін несие көлемі бюджеттен 20 млрд теңгеге қаржыландырмақ.

Еске сала кетейік, 2019 жылы Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов мемлекеттік қызметкерлерді де «Дипломмен ауылға» жобасына қатысатын мамандар санатына қосуды ұсынған еді.