Директор балабақша тәрбиешісінің басын жарды: оқиға әлеуметтік желіде тарап жатыр (видео)

0
4 597

Басынан қан сорғалаған жас келіншектің жанында көмектесіп жатқан әріптестері бар.


Директор балабақша тәрбиешісінің басын жарды: оқиға әлеуметтік желіде тарап жатыр (видео)

ERNUR.KZ. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарап жатыр. Бас жарақатымен ауруханаға жеткізілген деп жазады ИА «NewTimes.kz».

"Балабақша директоры тәрбиешіні балаларға берілген тамақтың сапасыздығы үшін ұрған" - делінген видеоға берілген сипаттамада.

Кадрда басынан қан сорғалаған жас келіншектің жанында көмектесіп жатқан әріптестері бар.

Видеодан "Ешкім ештеңе айтпады. Неге? Біз тамақты дұрыс жасамады деген үшін, неге шақырасыз? Не үшін ұрасыз? " - деген дауысты естуге болады.

Болған оқиғаға Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасы пікір білдірген. Онда оқиғаның 14 ақпан күні орын алғаны айтылған.

Жекеменшік "Айналайын" балабақшасында орын алған оқиғаға қатысты бойжеткеннің жағдайы:

Кеше кешкі алтыда Маңғыстау облыстық ауруханасына жабық бас ми жарақаты, ми шайқалуы, сол жақ самай жарақаты диагнозымен бойжеткен түсті. Көмек көрсетілгеннен кейін ол үйіне қайтарылды", - деп мәлімдеді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

"Түнгі сағат бірде тағы да медициналық көмекке жүгінгендіктен, таңғы 10-ға дейін дәрігерлер бақылауында болды. Компьютерлік томограмма жасалып, жағдайының жақсы екеніне көз жеткізілгеннен кейін науқас амбулаторлық емделуге үйіне қайтарылды", - дейді ведмстводағылар.


видео aktau_insta парақшасынан алынды