Дәріханаларда дәрі-дәрмек үш есеге дейін қымбат сатылады

0
2 050

Заң жобасында алдағы жылдан бастап, дәрілік заттардың шекті бағаларын бекіту арқылы барлық дәрілік заттар бағаларын реттеу басқа да мақсаттар көзделіп отыр.


Дәріханаларда дәрі-дәрмек үш есеге дейін қымбат сатылады

Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен бүгінгі жалпы отырыста депутаттар дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы мәселелеріне қатысты заң жобасын талқылады, деп хабарлайды ERNUR.KZ Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мәжіліс Төрағасы бұл құжат қазақстандықтарды қолжетімді бағамен және сапалы, тиімді, қауіпсіз дәрілермен қамтамасыз етуге бағытталған аса маңызды құжат екенін айтты. Осы орайда Мәжіліс Спикері:

- Бүгін біз өте маңызды және өте қажетті заң жобасын мақұлдадық. Себебі, бұл заң жобасының әлеуметтік маңызы өте зор. Баршаңыз жақсы білесіздер, дәрілер бағасын заң деңгейінде реттеу - ол – тікелей Елбасымыздың тапсырмасы. Сондықтан, бұл заң күшіне енген кезде, дәрілердің қолжетімді болуына және бағаның да тұрақты болуына жаңа серпін беруге тиіс. Сол үшін екінші оқылымға дейін тағы да жан-жақты қарап, осы талапқа сай заң дайындауымыз керек,-деді.

Заң жобасында алдағы жылдан бастап, дәрілік заттардың шекті бағаларын бекіту арқылы барлық дәрілік заттар бағаларын реттеу басқа да мақсаттар көзделіп отыр. Айта кетейік, осы мәселе бойынша депутаттық корпус біршама жұмыстар атқарды. Мәселен, тақырып төңірегінде комитеттің, жұмыс топтарының арнайы отырыстары өтіп, дәрілік қамтамасыз ету бойынша парламенттік тыңдау өтті. Онда айтылған ұсыныс, пікірлердің барлығы заң жобасын дайындау барысында ескерілген.

Айта кетейік, ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов бүгінгі таңда отандық дәріханалардағы дәрі-дәрмек басиапқы бағасынан 100 ден 300 пайызға дейін қымбат сатылатынын айтты.