​"Дұрыс атқарыңдар, ештеңе ұрланбасын!" - Назарбаев "7-20-25" бағдарламасы жайлы

0
1 130

Пәтерлер баспанасы жоқтарға берілсін.


​

фото www.qazaquni.kz

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев "7-20-25" бағдарламасының айшық болуын қамтамасыз етуді тапсырды, - деп хабарлайды ERNUR.KZ. tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

"Бұл бағдарламаны қайта түсіндіріңдер! (...) Пәтерлер баспанасы жоқтарға берілсін. Баспанасы барлар жақсартсын, бұл бағдарламаны ешқандай пәтері жоқ адамдарға жасап отырмыз. Әйтпесе бағдарлама спекуляциялық болады. Өзінде бар пәтерін жалға беріп, осымен айналысуы мүмкін. Өзімізге, қоғамға бұл бағдарламаны неге жасап отырғанымызды түсіндірейік", - дейді Назарбаев.

Ол бұрын пәтерді кредитке алу үшін баспана құнының 50 пайызы қажет болғанын еске салды.

"Қазір тек 20 пайыз. Бұрын 10 жылға ғана беретін, қазір 25 жылға. Төлеу жеңіл болуы үшін. Ал адам ертерек жапқысы келсе, баспана жекеменшікке өтеді", - дейді президент.

Назарбаев мұғалімдер, мемлекеттік қызметкерлер, жастарды осы бағдарламаға қатысуға шақырды, өйткені олардың еңбекақысы төмен.

"Бізде қалалар мен аудандарда әлі кезек үлкен. Біреу болсын Германия, Франция немесе Америкадағы пәтерге кезекті көрді ме? Бұл нонсенс. Өйткені мемлекет тегін пәтер бермейді. Маған осы уақытқа дейін хат жазады, зейнеткерлер де, "маған пәтер беріңізші" деп. Бағдарламаға қосылыңыздар (...) Жалға алу бағдарламасы бар. Қандай кезек? Парламентке де, министрлерге де айтады. Ондай заң жоқ мемлекетте, пәтер бере салу сияқты. Партиядағылардың барлығына айтарым, бақылауға алып, дұрыс жасалсын, ештеңе ұрланбасын! Мұқтаждарға берілсін", - деп тапсырды Назарбаев.

"Бұл құрылысты дүркіретіп, бизнесті дамытады. Үй салуға материалдар, ағаш, металл, әйнек керек, жиһаз қажет. Мұның бәрі бизнеске түрткі. Американы автомобиль өндірісі көтерді деп үнемі айтамыз. Ал бізді баспана құрылысы мен ауыл шаруашылғы көтеруі мүмкін", - дейді президент.

Астанада Мемлекет басшысының қатысуымен "Нұр Отан" партиясының саяси кеңесінің отырысы өтіп жатыр.