​ДСМ экс-шенеунігі ұсталды

0
1 285

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бұрынғы жоғары лауазымды шенеунігі пара алды деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


​ДСМ экс-шенеунігі ұсталды

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бұрынғы жоғары лауазымды шенеунігі пара алды деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ. Вaq.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Тергеу деректеріне сүйенсек, бұрынғы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің бұрынғы төрағасы Назарбек Бейсен Қазақстанда медициналық препаратты сатуға рұқсат беру үшін әзербайжандық кәсіпкерден 100 мың доллар талап еткен.

2017 жылдың соңында Бейсенге қатысты қылмыстық іс жабылды, бірақ маусымның басында тергеу қайта жүргізіле бастады.

4 маусым күні ДСМ экс-шенеунігіне ҚР ҚК «Аса ірі көлемде пара алу» бабының 5-бөлігіне сәйкес айып тағылып, үй қамаққа алынды.

Айта кетсек, аталған қылмысқа 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру, мүлкін тәркілеу жазалары беріледі.