ДСМ вакцина паспортының оңды-солды беріліп жатқанына қатысты пікір білдірді

0
341

Жалған вакцинация паспорты медицина қызметкерінің қателігінен немесе қасақана тіркелуі мүмкін.


ДСМ вакцина паспортының оңды-солды беріліп жатқанына қатысты пікір білдірді

ERNUR.KZ. Қалай болғанда да емделушілер Денсаулық сақтау министрлігіне хабарласа алады деп түсіндірді Электрондық денсаулық сақтауды дамыту департаментінің директоры Бейбіт Есенбев, деп жазады Zakon.kz.

Денсаулық сақтау министрлігі өкілдерінің қатысуымен өткен брифингте журналистер Қазақстанда вакцина алмаған адамдарға вакцина салдырғаны туралы жалған паспорттың тіркелуіне қатысты шағымдардың жиілеп кеткенін хабарлады.

Мәселен, Алматы тұрғыны Қызылордаға ешқашан бармаса да, сол қалада екпенің сәтті өткені туралы SMS-хабарлама алған.

Иә, расында да мұндай фактілер бар. Оның себебі әртүрлі болуы мүмкін: науқас туралы ақпаратты енгізу кезінде медицина қызметкерінің қателесуі, кейбір жағдайларда бұл әдейі жасалады. Осыған орай науқастар Денсаулық сақтау министрлігіне хабарласа алады.Электрондық денсаулық сақтауды дамыту департаментінің директоры Бейбіт Есенбев

Ол мұндай жағдайда министрліктің медициналық ұйымға қатысты тексеру жүргізетінін айтты.

Факті расталса, ұйымға айыппұл салынады.

Тіркеу фактісі немесе жалған ақпарат расталса, онда бұл жағдайда Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры экономикалық тұрғыдан ықпал жасайды, яғни бұрыс ақпарат үшін медициналық ұйымға айыппұл салынады.Электрондық денсаулық сақтауды дамыту департаментінің директоры Бейбіт Есенбев