Дүйсенбіде еліміздің басым бөлігінде жел соғып, жаңбыр жауады, аптап ыстық болады

0
493

Алматыда күндіз 36 градус қатты ыстық болады деп күтіледі.


Дүйсенбіде еліміздің басым бөлігінде жел соғып, жаңбыр жауады, аптап ыстық болады

ERNUR.KZ. Алматыда және еліміздің жеті облысында 27 маусымда дауылды ескерту жарияланды, деп жазады Zakon.kz.

Алматыда күндіз 36 градус қатты ыстық болады деп күтіледі.

Маңғыстау облысында түнде және таңертең батыста, солтүстік-батыста, күндіз оңтүстікте, солтүстікте, орталықта найзағай болады деп күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, батысында, солтүстік-батысында шаңды дауыл тұрад. Шығыстан, солтүстік-шығыстан, оңтүстіктен, батыстан, солтүстік-батыстан, облыс орталығынан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Қызылорда облысында солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, күндіз облыс орталығында соққан желдің екпіні 15-20 м/с жетеді, күндіз 41 градус қатты ыстық болады деп күтіледі. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылордада күндіз 41 градус қатты ыстық болады. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Шығыс Қазақстан облысының түнде шығысында, күндіз солтүстігінде, орталығында найзағай ойнайды деп күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында бұршақ жаууы ықтимал. Оңтүстіктен соққан жел солтүстік-батысқа ойысады, екпіні - 15-20, кей тұста 23 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде 38 градус қатты ыстық болады деп күтіледі. Өскеменде таңертең және күндіз найзағай ойнайды деп күтіледі. Оңтүстіктен соққан жел солтүстік-батысқа ауысып, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с жетеді.

Абай облысының түнде батысында, күндіз батыста, солтүстікте, орталығында найзағай ойнайды деп күтіледі. Күндіз облыстың батысында бұршақ жауады. Оңтүстіктен солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 25 м/с жетеді. Күндіз облыстың оңтүстігінде 38 градус қатты ыстық болады деп күтіледі. Облыстың батысында төтенше өрт қаупі сақталады. Семейде таңертең және күндіз найзағай ойнайды деп күтіледі. Оңтүстіктен соққан жел солтүстік-батысқа ауысып, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с жетеді.

Павлодар облысының оңтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр жауады. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында, орталығында найзағай ойнап, бұршақ түседі, дауыл тұрады. Солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23 м/с жетеді.

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, бұршақ түседі, дауыл тұрады деп күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с, күндіз облыстың басым бөлігінде екпіні 23 м/с құрайды. Күндіз облыстың оңтүстігінде 35-38 градус қатты ыстық сақталады. Қарағандыда түнде найзағай ойнайды деп күтіледі. Күндіз Ұлытау облысының оңтүстігінде солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында солтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, Петропавлда күндіз солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.