ЕАЭО-да интернет-дүкендерден тауарларды бажсыз әкелу лимиті көтерілді

0
707

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап жеке пайдалануға арналған тауарларды әкелудегі бажсыз лимит небәрі 200 еуро болды.


ЕАЭО-да интернет-дүкендерден тауарларды бажсыз әкелу лимиті көтерілді

ERNUR.KZ. Жаңа шара шетелдік интернет-дүкендерде жеке пайдалануға арналған тауарларға белсенді түрде тапсырыс беретін азаматтарға қолдау көрсетеді, деп жазады Zakon.kz.

Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесі тасымалдаушы немесе пошта жөнелтілімдері арқылы жеткізілетін тауарларды бажсыз әкелу лимитін көтерді. Енді жеке тұлғалар үшін шетелдік интернет-дүкендерде мұндай сатып алу сомасы 1000 еуроға (шамамен 565 000 теңге) дейін өсті, деп хабарлайды БЕЛТА.

ЕЭК ресми өкілі Ия Малкинаның айтуынша, лимит 2022 жылдың 1 қазанына дейін уақытша ұлғайтылды.

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап жеке пайдалануға арналған тауарларды әкелудегі бажсыз лимит небәрі 200 еуро болды.

Ия Малкина сәлемдеменің құнынан асып кеткен жағдайда, сондай-ақ салмағы 31 келіден асатын болса, алым төленетінін түсіндірді. Ол тапсырыс бағасының 15% мөлшерінде белгіленеді, бірақ килограммына екі еуродан кем емес.

ЕЭК өкілінің айтуынша, жаңа шара шетелдік интернет-дүкендерде жеке пайдалануға арналған тауарларға белсенді түрде тапсырыс беретін азаматтарды қолдауға көмектеседі. Сонымен қатар, лимиттің бұлайша ұлғаюы кейбір тауарлардың тапшылығын болдырмауға көмектеседі.