Егде жастағы әйелдерге ішінде ақшасы бар шоколад сыйлаған қазақстандық жұрттың алғысына бөленді (видео)

0
1 514

Әр шоколадтың ішіне 20 мың теңгеден салынған.


Егде жастағы әйелдерге ішінде ақшасы бар шоколад сыйлаған қазақстандық жұрттың алғысына бөленді (видео)

ERNUR.KZ. Қазақстандық ер адам егде жастағы әйелдерге «Қазақстан» шоколадын сыйлап қуантты. Оның сыйлағаны кәдімгі шоколад емес, ерекше. Себебі қаптаманың ішіне тәттіден бөлек, ақша да салынған, деп жазады Stan.kz.

Желіде ер адамның егде жастағы әйелдерге шоколад тарту еткен видеосы тарап кетті. Олардың әрқайсының ішіне 20 мың теңгеден ақша салынған.

Күтпеген жерден сыйлыққа ие болған әйелдердің жүзі жылып, қуанып қалды. Кейбірінің толқып кеткені де байқалады. Алайда бұл кезде олар шоколадтың ішінде ақша бар екенін білмейді де. Ер адам олардан шоколадты ешкімге бермей, үйіне апарып ашуын сұрады.

«Сізге бір шоколад сыйласам бола ма? Біздің көшелерді тазалап жүргеніңіз үшін рахмет! Бұл кәдімгі шоколад емес. Оны үйге апарып, өзіңіз ашуыңыз керек», – дейді ол көше сыпырып жүрген әйелге.

Өз кезегінде игі істі көрген желі қолданушыларының көңілі босады. Олардың кейбірі мұндай бастама жалғасын табу керектігін айтып жатыр.

«Тамаша идея. Мен де осылай жасамасам», «Алла разы болсын, осындай адамдар көп болса ғой», «Үйіне барып, шоколадты ашқан кезде қандай сезімде болды екен? Оларға қарап менің жүрегім елжіреп кетті», – деп жазады пікір қалдырушылар.