Егінді жүргізушісіз оратын комбайндар шықты

0
2 598

Комбайнда екі монитор бар. Біріншсі арқылы орылған егін туралы ақпарат білуге болады. Ал екінші монитордан техниканың ахуалын толық қадағалауға болады


Егінді жүргізушісіз оратын комбайндар шықты

ERNUR.KZ. Егінді жүргізушісіз оратын комбайн мен өсімдікті әуеден бақылайтын агродрондар, ауыл шарушылығындағы жаңа технологиялар мен инновациялық жобалар көпшілікке таныстырылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ 24.kz арнасына сілтеме жасап.

Алматы облысындағы «Қаскелең агропаркінде» өткен егінжай күніне 100-ге тарта ауыл шаруышылығы саласының мамандары, ғалымдар мен шаруа қожалығы басшылары қатысты.

Сары алтын алқапта егін орған комбайн автоматты түрде басқарылады. Механизатор тек егістік көлемін белгілеп, компьютер жадына қажетті нұсқау жасайды. Қалған шаруаны комбайын өзі бітіреді. Құны 340 мың еуроға баратын бұл тегеурінді техниканың қазір елімізде 100-ден астам данасы бар.

Мезанизатор Егор Суханов: «Комбайнда екі монитор бар. Біріншсі арқылы орылған егін туралы ақпарат білуге болады. Ал екінші монитордан техниканың ахуалын толық қадағалауға болады», - дейді.

Бұдан да басқа техника мен агроөнеркәсіп саласының соңғы жетістіктері «Қаскелең агропаркі» негізіндегі тәжірибелік алқапта көрсетілді. Соңғы 10 жылда ғалымдар жеміс-жидек, көкөніс-бақша, тағы да басқа ауылшаруашылық дақылдардың 664 сұрпы мен буданын шығарды. Сапалы тұқым өнімділікті 50 пайызға арттырған.

Бұл агропаркте 14 ғылыми-зерттеу институты шоғырланған. Олардың әрқайсысы егін, көкөніс, бау-бақша мен дәнді-дақылдарды өсірудің ғылыми жолдары мен тиімді тәсілдерін ұсынады. Осындай іс-шара арқылы ғылым мен бизнес арасында байланыс артып келеді.

«Мысалы мына жерге бидай өндіруге болады. Енді көп болса 200 доллар пайда табуға болады. Мақта, көкөніс 2 мың доллар көлемінде. Ал енді бау-бақша ексек онда сол 15-20 мың долар алуға болады. Сол әр жерде не тиімді, не пайдалы, жер құнары соның бәрін еске ала отырып, талдап, зерттеп, сонда ғалымдарды біз тікелей өндіріске байлап отырмыз», - деді ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары Арман Евниев.

Алдағы 5 жылда елімізде агроөнеркәсіп кешеніндегі еңбек өнімділігін екі есеге артыру міндеті тұр. Ал енді «Егінжай» күнін өткізудегі негізгі мақсат - бизнеске ауыл шаруашылығындағы, соның ішінде өсімдік шаруашылығындағы соңғы жетістіктерді таныстырып, тәжірибе алмасу.