"Egov порталы ешкімге берілмейді": Бағдат Мусин қоғамда туындаған пікірлерге қатысты түсініктеме берді

0
499

Министр Egov жүйесінің ескіргенін айтады.


ERNUR.KZ. ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин еліміздің цифрлық платформасы ресейлік Сбер компаниясына өтуіне байланысты қоғам наразылығына жауап берді, деп жазады Stan.kz.

Оның айтуынша, Egov порталы ешкімге берілмейді.

"Қазақстандықтардың барлық деректері Ресей Федерациясына қолжетімді болады" деген түсінік қисынсыз. Неліктен? Қазақстанда тәуелсіздік алғалы бері шетелдік құрылымдарда жұмыс істейтін көптеген мекемелер бар, десе де олардың бәрі біздің мәліметтерді ала алады деген сөз емес. Электрондық үкіметке келетін болсақ, бұл жерде біреу біреуге ақпарат береді деген сұрақтың туындамауы да керек. Жалпы, "eGov.kz" не екенін қысқаша түсіндірейін. eGov - бұл барлық мемлекеттік базалармен құрсым арқылы қосылған "витрина" ғана. Бұл базаларға немесе жүйелерге ешкім ешқашан қол жеткізе алмайды! Өткен айда басталған талдау қазақстандық мемлекеттік секторда 400 + ақпараттық жүйе бар екенін көрсетті. Бұл мемлекеттік жылжымайтын мүлік базасы сияқты ірі базалардан бастап, олимпиада жүлдегерлері тіркелген шағын базаларға дейін”, – дейді министр.

Министр Egov жүйесінің ескіргенін айтады.

“Ағымдағы кезеңде біздің міндетіміз - әртүрлі технологияларда жазылған, кейде бағдарламашы этикасы мен ескірген құжаттамасыз жүздеген жүйелердің орнына, барлық деректер бірыңғай платформада реттелген және түсінікті болатын ондаған жүйелерге өту. Қазір eGov-ты миллиондаған ескі құрылғылармен салыстыруға болады, олардың орнына біз сапалы заманауи технологиямен жабдықталған платформаны орнатқымыз келеді. Біз халық үшін де, экономика үшін де барынша оң нәтиже алу мақсатында цифрландырудың "құрақталған" моделінен тұтас платформалық моделіне өтетін кез келді. IT саласындағы кез келген шешім, әсіресе халықаралық шешім кибер қалқан мен азаматтардың мүдделерін қорғау жөніндегі уәкілетті органдардың ұсынымын ескере отырып қабылданады. Біз Қазақстан тарапы бағдарламалық қамтамасыз ету мен техникалық қолдауды талап ететін вендор сияқты болуы керек деген талап қойып отырмыз. СБЕР барлық қолжетімділікті бере отырып, барлық компоненттердің бастапқы кодтарын көрсетеді және барлығын Қазақстандағы серверлерге орналастырады деп келістік”, – дейді Мусин.

Сөзінше, бөлінетін 500 млн-ның барлығы СБЕР-ге жұмсалмайды.

“Меморандум – келісімшарт емес. Үкімет цифрлық трансформация мүмкіндігін қарастыратын меморандумға қол қойды, оның бағалау құны шамамен 500 млн. Бұл не деген сөз? Бұл аталған соманың бір бөлігі жергілікті IT нарығына инвестицияланатынын білдіреді. Бұл қаражатты қазақстандық компаниялар платформалық тәсілді енгізу бойынша жұмыс шеңберінде жұмсайды. Соманың екінші бөлігі - инфрақұрылымдық шешімдерге кетсе, үшінші бөлігі ғана СБЕР-ден шешімнің өзін сатып алуға арналатын болады”, – деп қосты ол.

Министр платформалық модельді енгізуге Қазақстанның IT компаниялары міндетті түрде қатысатынын атап өтті.

“Платформалық модельді енгізудің таныстырылымы мен талқылауы қоғам белсенділері мен IT нарық өкілдірінен тұратын сараптамалық комиссиямен (70-те 30) бірлесіп өтетін болады. Ниет білдірушілер жекеге өз байланыс мәліметтерін қалдыра алады, сараптамалық кеңес тізімін жасау кезінде ескеретін боламыз. СБЕР платформаның жұмыс істеуін көрсетіп, оқытатын сарапшылармен сессиялар ұйымдастырады, содан кейін ғана біз платформада жұмыс істейміз. Бұл жобаны іске асыруға біздің IT компаниялар жұмылдырылады”, – деді ведомство басшысы.