"Эйр Астананың" екі бортсерігі коронавирус жұқтырды

0
683

Қазір екеуінің де жағдайы жақсы.


ERNUR.KZ. "Эйр Астана" әуекомпаниясының екі бортсерігі коронавирус жұқтырды. Бұл туралы "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ логистика және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі басқарушы директоры Қанат Алпысбаев мәлімдеді, деп жазады тengrinews.kz.

"Бүгінде біздің компаниямызда COVID-19 жұқтырған екі жағдай тіркелді. Олар - "Эйр Астананың" екі бортсерігі", - деді Алпысбаев брифингте.

Оның айтуынша, қызметкерлер коронавирусты жұмыс барысында жұқтырмаған.

"Қазір екеуінің де жағдайы жақсы, үйдегі карантинде", - деп қосты басқарушы директор.