ЕҚДБ кәсіпкер әйелдерге арнап арнайы курстар ұйымдастырады

0
1 141

Арнайы курста бизнеспен айналысатын нәзікжандылар қаржыны дұрыс басқару, қызметкерлермен жұмыс жасау және заманауи технологияларды тиімді пайдалану тетіктерін үйренеді.


ЕҚДБ кәсіпкер әйелдерге арнап арнайы курстар ұйымдастырады

ERNUR.KZ. Қазақстанда бизнесті қолдауға арналған бағдарлама көп. Бірақ кәсіпкер әйелдер оны толық қолдана бермейді. Осы мақсатта Еуропалық қайта құру және даму банкі арнайы курстар ұйымтастырады , деп жазады 24.kz.

Ол жерде бизнеспен айналысатын нәзікжандылар қаржыны дұрыс басқару, қызметкерлермен жұмыс жасау және заманауи технологияларды тиімді пайдалану тетіктерін үйренеді. Сол арқылы шағын бизнестің аясын кеңейтіп, алпауыт компаниялармен иық тірестіруге мүмкіндік ашылады. Арнайы курсқа 350 адам қатыса алады. Қазір осыған байланысты еліміздің 14 қаласында іріктеу жүріп жатыр.

Алма Қасымова, ЕҚДБ ШОБ қолдау бағдарламасының менеджері: - Шағын бизнестегі нәзікжандылардың үлесі еліміз бойынша 35 пайызды құрайды. Енді біз осы көрсеткішті арттырғымыз келеді. Жалпы бизнесте әйелдер мен ерлердің мүмкіндіктері тең болуы керек деп есептейміз. Осыған байланысты арнайы курстар өткізуді жөн көрдік.