Екі адам жараланып, тағы бірі қаза болды: Қарағандыда тапа-тал түсте оқ атқан адам ұсталды

0
683

Полиция "Адам өлтіру" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Күдікті 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.


Екі адам жараланып, тағы бірі қаза болды: Қарағандыда тапа-тал түсте оқ атқан адам ұсталды

ERNUR.KZ. Қарағандыда полиция қызметкерлері қарулы шабуылға күдікті адамды ұстады, деп жазады Sputnik Қазақстан.


Оқиға Бабушкина көшесіндегі үйдің ауласында 31 тамыз күні болды. Сағат 13.00 шамасында оқ жарақатымен қаланың үш тұрғыны қалалық ауруханаға жеткізілді.

"Жарақат алған зардап шегушілердің бірі қайтыс болды", – делінген хабарламада.

Осы оқиғаға қатысы болуы мүмкін деген күдікпен 31 жастағы Қарағанды қаласының тұрғыны ұсталды.
Полиция Қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөлігі ("Адам өлтіру") бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Заңда мұндай қылмыс үшін кінәліні сегіз жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру көзделген.
Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.