Екі егде әйелді қағып кеткен павлодарлық келіншекке сот үкімі шықты

0
1 074

Зардап шеккендердің бірі ауруханада қайтыс болған.


Екі егде әйелді қағып кеткен павлодарлық келіншекке сот үкімі шықты

ERNUR.KZ. Қылмыстық сот жаяу жүргіншілер өткелінде екі егде әйелді қағып кеткен 29 жастағы павлодарлық әйелге екі жыл алты айға бас бостандығынан айырды, деп жазады Stan.kz.

Сот кінәліні жәбірленушілерге келтірілген зиян үшін өтемақы төлеуге міндеттеді.

Сот анықтағандай, сотталушы 2020 жылы 10 қарашада BMW X5 автокөлігімен жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан екі жаяу жүргіншіні қағып кеткен.

Нәтижесінде зардап шеккендердің бірі - 63 жастағы павлодарлық әйел ауруханада қайтыс болды. Ал екіншісі - 60 жастағы Павлодар қаласының тұрғыны жарақатпен ауруханаға түсті.

"Сот айыпталушыны бес жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыра отырып, екі жыл алты айға бас бостандығын шектеді. Сондай-ақ сот әйелден екі жәбірленушіге жалпы сомасы 4 087 138 теңгені құрайтын моральдық және мүліктік зиянды өтеуге міндеттеді", - дейді Павлодар қаласының 2-сотының судьясы Жанар Турлубаева.

Сот шешімі жарияланғаннан кейін сотталушы қамауға алынды. Соттың баспасөз қызметі үкім заңды күшіне енбегенін атап өтті.