​Екі қалада ауа сапасы нашарлайды

0
1 333

Қазақстанның басқа қалаларында ауа сапасы қалыпты болады.


​Екі қалада ауа сапасы нашарлайды

ERNUR.KZ. Бүгін метеорологиялық жағдайлар еліміздің екі қаласында ауа сапасының нашарлауына ықпал етеді. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК хабарлайды, деп жазады Baq.kz.

Атырау мен Қарағанды қалаларының атмосферасында ластаушы заттар шоғырланады. Қазақстанның басқа қалаларында ауа сапасы қалыпты болады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында ластаушы, зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін тымық ауа, жел, тұман, инверсия сияқты қысқамерзімді метеофакторлардың жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.