Екі кісі өлтірген қылмыскер түрмеден шығып тағы екі адамды өлтірді

0
1 142

41 жастағы қылмыскер екі рет кісі өлтіргені үшін колонияда 20 жылын өткізген.


Екі кісі өлтірген қылмыскер түрмеден шығып тағы екі адамды өлтірді

ERNUR.KZ. Рудный тұрғыны екі адамды өлтіргені үшін өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Осыдан үш ай бұрын ол осындай қылмысы үшін темір тордың ар жағында 20 жылын өткізіп, босап шыққан еді, деп жазады zakon.kz.

41 жастағы Эдуард Сулаковтың аса қатыгездікпен екі рет кісі өлтіргені үшін колонияда 20 жылын өткізген. 2020 жылы мамырда ол босатылды. Тамыз айында ол қонақта болып, үй иелерімен бірге алкогольдік ішімдік ішеді.

Сот отырысында Сулаковтың 2020 жылы 16 тамызда марқұмдардың үйінде болғаны, бірге алкогольдік ішкені, содан кейін Бисендинмен жандалдасқаны анықталды. Бисендин өз әйелі Черныштың онымен жақын интимдік қатынаста болды деп айыптаған, - деді судья Жанар Тілеубаева.

Жанжал кезінде Сулаков үй иесінің кеудесіне бірнеше рет пышақ сілтейді. Бисендин алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды. Сулаков кісі өліміне куә болған әйелді тыныштандыру үшін басқа бөлмеге алып кетеді.

Ол алкогольдік мас күйінде есі кіресілі-шығасылы әйелмен интимдік қатынасқа түседі, содан кейін күйеуін өлтіргенін жасыру үшін екінші пышақты қолына алып, Черныштың мойнына бірнеше соққы жасайды, ол да оқиға орнында мерт болды, - деді судья.

Сулаков үйден ешкімге көрінбей кетіп қалады. Үй иелерінің денесін көршілері біраз уақыттан кейін тапты.

Рудныйдағы қос кісі өлтіру қылмысын ашу бойынша арнайы тергеу-жедел тобы жұмыс істеді. Күдікті екі күн бойы іздестіріліп, 20 тамызда жедел қызметкерлерден жасырынуға тырысып, оларға қарсылық көрсеткеніне қарамастан қамауға алынды.

Ол Бисендин мен Чернышты өлтірген кезде салқынқандылық және қырағылық танытты. Сонымен қатар, ол есі дұрыс адам, - деді судья сотталушыға қаратып.

Сулаковтың әрекетінде сот қауіпті рецидивті танып, оны өмір бойына бас бостандығынан айыруға үкім шығарды. Ол жазасын жедел қауіпсіздік колониясында өтейтін болады.

Сот шешіміне сәйкес, түрмеде Сулаковты психиатр мәжбүрлеп емдейді. Үкімге шағым жасалуы мүмкін.