Екі мемлекетте іздеуде жүрген қылмыскер Ақтөбеде ұсталды

0
642

36 жастағы Өзбекстан азаматы өз елінде көлік ұрлығы үшін іздеуде болған.


Екі мемлекетте іздеуде жүрген қылмыскер Ақтөбеде ұсталды

ERNUR.KZ. Полицейлер оны ұялы телефон сатпақ болған жерінен қолға түсірді. Күдікті өзінің тегін «Пушкин» деп таныстырған, деп жазады zakon.kz.

Алайда құжаттары болмаған. Сот үкімімен ол 30 күн мерзімге жеке басына қатысты мәліметтер анықталғанша уақытша ұстау орнында болды.

Нәтижесінде күдіктінің шын аты-жөні басқа болып шықты. 36 жастағы Өзбекстан азаматы өз елінде көлік ұрлығы үшін іздеуде болған..

Сондай-ақ, Шымкент қаласында ауыр қылмыс жасағаны анықталды. Ол сыбайластарымен бірге ұрлық жасамақ ниетпен тұрғын үйлердің біріне кірген.

Бұзақылар үй иесіне дене жарақаттарын салған. Жәбірленуші жан тапсырған. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.