Екі ұлттық паркте қар барысы видео тұзаққа ілінді

0
789

​Қар барыстары бірден екі ұлттық паркте видеоға түсіп қалды.


Екі ұлттық паркте қар барысы видео тұзаққа ілінді

ERNUR.KZ. Жыртқыштардың видеосын Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті жариялады, деп жазады Ulysmedia.kz.

Қабыландар қазір ерекше қорғалатын 9 табиғи аумақта мекендейді. Осы жолы олар Алтынемел және Сайрам-Өгем ұлттық парктерінде орнатылған фототұзақтарға түскен.

Аталмыш жануар Халықаралық табиғатты қорғау одағының (IUCN) қызыл тізіміне енгізілген. Қар барысы 12 елде мекендейді және оның барлығында сирек кездесетін немесе құрып кету қаупі төнген түр болып танылған. Қазір елімізде шамамен 140-180 ілбіс бар.