Екі жыл бойы қатерлі ісікпен күрескен жас тілші дүниеден озды

0
1 238

Химиотерапиядан кейін жағдайы күрт нашарлап кеткен.


Екі жыл бойы қатерлі ісікпен күрескен жас тілші дүниеден озды

ERNUR.KZ. Тараздан шыққан жас тілші Альфия Мингазова онкоаурудың рецидивінен кейін көз жұмды. Қыздың өлімі жайлы “Амирам” атты қатерлі ісікпен күресу үшін құралған қайырымдылық қорының негізін қалаушы Марина Чейшвили хабарлады, деп жазады stan.kz.

Өзінің аққан ауруына шалдыққанын тілші 2017 жылдың ақпан айында, 20 жасында білді. Сол кезде оның еміне ақша жиналған болатын. Оның кемік сүйегі Онкология мен трансплантологияның ғылыми орталығында трансплантацияланған.

2018 жылдың желтоқсанында рецидив туралы белгілі болды. Сол кезде емге тағы да ақша жинала бастады. Бойжеткеннің жоспарында ақпарат алу үшін Санкт-Петербург немесе Израильге барып қайту болатын.

2018 жылдың 9 қаңтарында Мингазова әлеуметтік желідегі парақшасында #Мойдоктор байқауында дәрігерімен селфи жасаған суретінің арқасында жеңіске жеткенін жазған болатын.

Алайда, келесі күні Альфия Мингазованың жағдайы химиотерапиядан кейін күрт нашарлап кетеді. Достары оған енді Қазақстанда ешнәрсе көмектеспейтінін жазған. Түркияға баруы мүмкін екені айтылған. 19 қаңтар күні оның жақындары мен әріптестері қаралы хабармен бөлісті.